Загреб
Қала | |||||
Загреб | |||||
xорв. Zagreb | |||||
| |||||
Әкімшілігі | |||||
---|---|---|---|---|---|
Ел | |||||
Ішкі бөлінісі |
17 аудан | ||||
Мэр |
Милан Бандич | ||||
Тарихы мен географиясы | |||||
Координаттары |
45°48′00″ с. е. 15°57′00″ ш. б. / 45.80000° с. е. 15.95000° ш. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 45°48′00″ с. е. 15°57′00″ ш. б. / 45.80000° с. е. 15.95000° ш. б. (G) (O) (Я) | ||||
Құрылған уақыты |
1094 | ||||
Алғашқы дерек | |||||
Бұрынғы атаулары |
Аграм | ||||
Қала статусы |
1242 | ||||
Жер аумағы |
641,29 км² | ||||
Орталығының биiктігі |
104—1035 м | ||||
Уақыт белдеуі | |||||
Тұрғындары | |||||
Тұрғыны |
802 588 адам (2018) | ||||
Тығыздығы |
1232 адам/км² | ||||
Ұлттық құрамы | |||||
Конфессиялар |
католиктер, православтар және басқалары | ||||
Ресми тілі | |||||
Сандық идентификаторлары | |||||
Телефон коды |
+385 1 | ||||
Пошта индексі |
10 000 | ||||
Автомобиль коды |
ZG | ||||
zagreb.hr | |||||
Загреб шекарасы
| |||||
Ортаққордағы санаты: Загреб |
Загреб (xорв. Zagreb [ˈzâːɡrɛb]) — Хорватияның ең ірі қаласы мен елордасы. Халқы — 784 900 адам (2007), аумағы — 641,29 км². Загреб қаласының жасы 900 жылдан асты.
Загреб қаласы мен қала маңы аумағы өзінің Хорватия құрамындағы бөлек жупания статусы бар. Қала басшылығын қалалық ассамблеямен сайланатын мэр атқарады. 2009 жылдың 31 мамыр күні қала мэрі төртінші мерзімге Милан Бандич сайланды.[1]
Загреб континентальді климат аймағында орналасқан. Жазғы орташа температурасы +20 Цельсий градусы бойынша, қысқы орташа температурасы +1 Цельсий градусы бойынша құрайды. Уақыты — ортаеуропалық, GMT+1.
Тарихы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Загреб туралы алғашқы деректер 1094 жылға жатады. Қазіргі Загреб қаласының орталығы саналататын Градец және Каптол елді мекендері, сол уақытта тәуелсіз мекендер болған.
1242 жылы Загреб (Градец) қаласы хорват-венгр патшасы Бела IV-мен еркін патшалық қаласы ретінде жарияланған.
XVII ғ. Градец және Каптол бір қалаға біріктірілді, Каптол епископтігі аты Загреб архиепископтігіне ауыстырылды.
1669 жылы иезуиттер алғашқы гимназия мен академияның негізін қалады. Бұл дата Еуропадағы ең көнелерінің бірі болып саналатын Загреб университетінің негізделу датасы.
1776 жылы хорват патшалық үкіметінің мәжілісі Вараждин қаласынан Загребке ауыстырылады, осыдан кейін қала факт бойынша елорда статусын алады.
Австро-Венгрия империясы кезінде қала Аграм деп аталған[2].
1991 жылдың 25 маусымында Хорватия парламенті тәуелсіздігін жариялап Загреб елордаға айналды.
Демография
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Загреб — Хорватияның ең ірі және 1 млн. адамнан асатын (елдің 20% тұрғынын құрайды) жалғыз қаласы. Қала агломерациясында 1 088 841 адам тұрады, қала халқы 779 145 (2001 жылдың санақ бойынша мәліметі). 2005 жылдың жергілікті полиция басқармасы бойынша, қалада 973 667 адам тіркелген.
2001 жылдың санағы бойынша тұрғындардың 91,94 % хорваттар құрайды. Осы мәліметтер бойынша, қаладағы басқа ұлт өкілдерінің саны 40 066 адам ; олардың ең ірілері — сербтер (18 811 адам, 2,41 %), босниялықтар (6204 адам., 0,80 %), албандар (3389 адам, 0,43 %), словендер (3225 адам, 0,41 %), цыгандар (1946 адам, 0,25 %), черногориялықтар (1131 адам, 0,17 %) және македондықтар (1315 адам, 0,17 %).
Загреб аудандары
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Загреб 17 ауданнан тұрады (xорв. gradska četvrt):
- Долний Град (Donji grad)
- Горний Град — Медвещак (Gornji grad — Medveščak)
- Трне (Trnje)
- Максимир (Maksimir)
- Пещеница — Житняк (Peščenica — Žitnjak)
- Жаңа Загреб — шығыс (Novi Zagreb — istok)
- Жаңа Загреб — батыс (Novi Zagreb — zapad
- Трешневка — солтүстік (Trešnjevka — sjever)
- Трешневка — оңтүстік (Trešnjevka — jug)
- Чрномерец (Črnomerec)
- Горня Дубрава (Gornja Dubrava)
- Доня Дубрава (Donja Dubrava)
- Стеневец (Stenjevec)
- Подсусед — Врапче (Podsused — Vrapče)
- Подслеме (Podsljeme)
- Сесвете (Sesvete)
- Брезовица (Brezovica)
Бауырлас қалалары
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Германия, Майнц (1967)
- Ресей, Санкт-Петербург (1968)
- Норвегия, Тромсё (1971)
- Жапония, Киото (1972)
- Польша, Краков (1975)
- Португалия, Лиссабон (1977)
- АҚШ, Питтсбург (1980)
- Қытай, Шанхай (1980)
- Румыния, Клуж-Напока (1991)
- Мажарстан, Будапешт (1994)
- Аустрия, Вена (1994)
- Босния және Герцеговина, Сараево (2001)
- Словения, Любляна (2001)
- Сербия, Белград (2003)
- Черногория, Подгорица (2006)
- Ұлыбритания, Лондон (2009)
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Қала бастығы туралы (хорв.). Zagreb.hr. — Загребтің ресми сайты. Басты дереккөзінен мұрағатталған 24 тамыз 2011. Тексерілді, 12 шілде 2011.
- ↑ http://slovari.yandex.ru/art.xml?art=bse/00000/82000.htm(қолжетпейтін сілтеме)
Бұл — география бойынша мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе ��ласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
|